Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда шарасыз ана із-түзсіз кеткен ұлын іздеп шарқ ұруда (фото)

Опубликовано:

Көкшетауда 19 маусым күні 21 жастағы жігіт із-түзсіз жоғалып кетті. Жақындары онымен байланыса алмай, іздестіруге көмек беруін сұрады деп хабарлайды NewTimes.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: NewTimes.kz
Фото: NewTimes.kz: UGC

Жігіттің анасы қатты алаңдап отырғанын айтады. Себебі ол бұрын ешқашан ескертусіз үйден шығып кетпейтін.

"Менің 21 жастағы ұлым жоғалып кетті! 19 маусым күні таңертең Көкшетаудағы үйінен шығып кетіп, күні бүгінге дейін қайтып оралмады. Ол еш жерде жоқ, бүкіл жақындарымыз бен достарымызға хабарластық. Ол жақсы, салмақты жігіт, даукес емес. Ешқашан ескертусіз кетпейтін. Біз оған хабарласа алмай отырмыз, қатты алаңдап, оны күтудеміз", - деді әйел.

Жоғалып кеткен жігіттің тұлғалық белгілері: қара шашты, көздерінің түсі - қара-қоңыр , бойы - 180 см. Жоғалған күні оның үстінде көк күртешесі мен қара-көк түсті джинсы шалбары болған.

Фото: NewTimes.kz
Фото: NewTimes.kz: UGC
"Менің ұлымды көрген-білген адамдар немесе оның қайда екенін білетін жандар болса, мына телефон нөміріне хабарласуын сұраймын: 8-701-099-99-30", - деп өтінді жігіттің анасы.

Қызықты жаңалығыңыз бола, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1738336-kksetauda-sarasyz-ana-iz-tzsiz-ketken-lyn-izdep-sark-ruda-foto/

pixel