Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионатындағы ең кәрі бапкер алаңға таяқпен келді

Опубликовано:

Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионатындағы ең кәрі бапкер - 71 жаста. Уругвай құрамасының бас жаттықтырушысы Оскар Табарес үшін жүрудің өзі қиынға соғады. Қарт бапкер өзінің ауыр дертіне қарамастан, өз құрамасымен бірге әлем чемпионатына келіп алған деп хабарлайды sports.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: sport.ru
Фото: sport.ru: UGC

Оскар Табарес табиғатынан тұйық адам. Ол өз денсаулығына қатысты сұрақтарға жауапты "ауыр дертім бар" деп қысқа қайырады.

Алайда, 71 жастағы бапкердің жағдайы ел ойлағаннан да қиын. Анықталғандай, ол аса сирек кездесетін Гийен-Барре синдромына шалдыққан.

Бұл дерт адамның тыныс алу қабілетін бәсеңдетіп, бұлшық еттерін әлсіретіп жібереді. Нәтижесінде, адам жүріп-тұрудан қалуы мүмкін. Бірақ, бұл аурудан көз жұмғандарға қарағанда, емделіп кеткендер саны басым болып шықты.

Оскар өзінің бапкерлік мансабын денсаулығына бола ешқашан тоқтатқан емес. Тіпті оның диагнозынан хабардар болған федерацияға жаттықтырушы дерттің кедергі емес екендігін айтып түсіндірген.

Фото: sport.ru
Фото: sport.ru: UGC

Таяқ ұстаумен қатар, Табарестің алаңға тіпті мүгедектер арбасымен шыққан кездері де болған. Алайда, осыған қарамастан, Урувай федерациясы бапкерді ауыстырмаған.

Олар керісінше өз жаттықтырушысын барынша қолдап, оның шеберлігіне үлкен сенім артады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1738338-lem-cempionatyndagy-e-kri-bapker-alaga-taakpen-keldi/

pixel