RU
Ғалымдар жымиып жүрудің тағы бір пайдасын анықтады
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Ғалымдар жымиып жүрудің тағы бір пайдасын анықтады

Рассказать Вконтакте

Адамдар күліп тұрған жанның бейнесін есінде жақсы сақтайды екен. Бейтаныс біреу жымиып немесе басқа да жағымды эмоциялар білдірсе, ол ұзақ уақытқа дейін естен кетпейді дейді ғалымдар. Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото: svklub.com

Көрнекі фото: svklub.com

"Адамның суретіне қарап, мінезін тану - өмірімізде үлкен маңызға ие. Алайда біздің миымыз бұл тапсырманы қабылдауға қиналады. Жасанды құжаттар мен жеке мәліметтерді пайдалану - бүгінгі күннің басты проблемасына айналған. Сондықтан бізге адамдарды танудың жаңа әдісін табу керек", - дейді Йорк университетінің зерттеушісі Мила Милева.

Адам өмірінің қалай өтетініне оның бет-ажары айтарлықтай әсер ететін болып шықты. Ол тіпті жеке өміріне ғана емес, мансабының өсуіне де ықпал етеді екен.

Мәселен, 2011-2013 жылдар аралығында сауалнама жүргізген британдық ғалымдар сымбатты адамдардың IQ деңгейі анағұрлым жоғары болатынын анықтаған. Сондай-ақ олар жақсы жұмысқа оңай орналасып, кез-келген істе жолы болғыш келеді дейді мамандар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
2
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel