RU
Күйеуінің опасыздығын білген әйел оның масқарасын шығарды
Жаңалықтар Қоғам

Күйеуінің опасыздығын білген әйел оның масқарасын шығарды

Рассказать Вконтакте

Құрбысының суреттерін қарап отырған әйел фотода кездейсоқ өз күйеуін байқап қалған. Жолдасы бір әйелмен сүйісіп отырғанын ойламаған жерден біліп қойған келіншек сатқын күйеуінен ажырасуды ұйғарды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: psychologytoday.ru

Фото: psychologytoday.ru
Source: UGC

"Жақындарым мені үнемі желіде көп отыратыным үшін сөгіп жататын. Ал енді олай айтуға ешкімнің де дәті бармайды" , - деп бастады әңгімесін келіншек.

Айтуынша, бастапқыда интернетке тәуелді деп санаған туыстарының күйеуін желі арқылы әшкерелегенннен кейін ауыздарына құм құйылған.

"Жолдасым екеуміз университет қабырғасынан бері кездесіп жүрдік. Алайда, ол маған үйленуге ұсыныс жасауға еш асықпады. Тек менің жүкті болып қалуым ғана бұл мәселені шешті.
Алғашқы бес жылымызды кез келген отбасы сияқты өткіздік. Күйеуім көп жұмыс істеді. Ал мен бала босанған соң үйде отырдым. Оның бос уақыты көп болмағандықтан, біз бірге көп жерге шыға бермейтінбіз" , - деп айтты жас ана.

Декрет демалысына шыққан әйел адам, сәйкесінше, интернетте көп отыруды әдетке айналдырған. Желідегі қыдырып жүрген әдемі құрбыларының суреттеріне жас ана асқан қызғанышпен қарайтын.

Бір күні ескі танысының жаңа суреттерін қарап жатып, фотодан өзінің күйеуін байқап қойған.

"Суретте күйеуімді басқа әйелмен құшақтасып қана емес, сүйісіп отырғанын көргенімде мен не ойларымды да білмедім. Ол жұмыстан келгенше, ғасыр өткендей болып көрінді маған", - деп айтты ол.

Күйеуі келген кезде оны сұрақ астына алған келіншек өзі естігісі келген шындықты біліп алған. Ер адам өз әріптесімен алғаш рет жұмыстан тыс кездескенін айтқанымен, әйелі оған сенбей қойды.

Нәтижесінде, жас ана бірден ажырасу қағаздарын толтыруға кірісіп кеткен. Бүгінгі күні ол баласын жалғыз өзі тәрбиелеп жатыр.

"Зиянды болса да, көп уақытты алатын болса да, әлеуметтік желі менің көзімді ашты. Өмірімді жақсы жағына қарай өзгертті", - деп қорытындылады жалғызбасты ана.
Сіздің реакцияңыз
1
3
3
1
0
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel