RU
All-Davai-лық әншінің жары табынушы қыздарға қалай төтеп бергенін айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

All-Davai-лық әншінің жары табынушы қыздарға қалай төтеп бергенін айтты

Рассказать Вконтакте

Қос ғашық отау құрып жатқанда жақындары мен туыстары оларға жақсы тілектерін жаудырса, танымал әншінің табынушылары жүректерінің жараланғанын айтып әлек болған деп хабарлайды NUR.KZ.

Шоқанның табынушы қыздары Анеля Баталоваға бір емес бірнеше мәрте жағымсыз пікірлер жазған. Анелядан араларыңызға іріткі салған бикештер болды ма? Деген сауал қойғанымызда, ол былай деп жауап қатты:

«Біздің бақытымызды көре алмай жүректері жараланып қалғандар болды».

Көпшіліктің өздеріне айтылып жатқан жаман пікірлеріне қос ғашық мүлдем мән бермейді.

«Маған да, Шоқанға да желіде айтылып жүрген жағымсыз пікірлер әсер етпейді. Біз олардың айтқанын теріске шығарып жатуға уақыт та кетірмейміз. Өйткені әркім өз ойын айтуға толықтай құқылы болғандықтан, ешкімнің аузына қақпақ бола алмайсың», - деді әншінің жұбайы.
«Әрине мен шығармашылық адамын тұрмысқа шығып жатқанымды білдім. Жанкүйерлердің мұндай әсеріне мен толықтай дайын болдым. Жағымсыз пікірлер айтқанымдай маған әсер етпейді. Мен олардың бәріне күле қараймын. » , - деп ашығынан айтты Анеля.

Тіпті кейбір адамдар Шоқанның өнерден шеттеп кетуіне де Анеляны кінәләған. Бірақ, білуімізше әнші өнер жолын сүйіктісін кезіктірмей тұрып шеттеп, бизнеске бет ала бастаған.

Шоқан өз шығармашылығын жалғастыруды жоспарлайды ма?

«Білмеймін. Бірақ, ол шығармашылыққа анда-санда болсын уақыт тауып, өз жанкүйерлерін жаңа туындылармен қуантып тұрады деп ойлаймын» , - деп айтты Анеля.

Өнер саласынан бой көрсетпей кеткен Шоқан жақын арада өз жұбайына арнайы ән жазып шығарған. Оны ол 24 маусым күні дәл сүйіктісінің туған күнінде жарияламақ.

Фото: Instagram/anelya_batalova

Фото: Instagram/anelya_batalova

Анеля Баталова All Davai-дың жанкүйері болды ма?

Ең қызығы, Анеля Баталова сүйіктісінің шығармашылығынан мүлдем бейхабар болған. Ол тіпті Шоқан ән айтқан танымал топ жайлы да ештене білмеген. Оған бойжеткеннің шетелде тұрғаны себеп болса керек.

Алайда, бүгінде Анеля All Davai-дың нағыз жанкүйеріне айналған. Ол аталмыш топ жөнінде ертерек білген жағдайда олардың белсенді табынушыларының бірі болуым да ғажап емес деді.

Ескерту! Материал ҚР заңнамасымен қорғалған! NUR.KZ порталының жазбаша рұқсатынсыз материалдың кез келген бөлігін көшіріп-басуға қатаң тыйым салынады!

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel