RU
Анеля Баталова Шоқанды өзіне байлығы үшін үйленді дегендерге жауап берді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Анеля Баталова Шоқанды өзіне байлығы үшін үйленді дегендерге жауап берді

Рассказать Вконтакте

Көпшілік бұл жұптың қосылуына асқан сенімсіздікпен қарағаны белгілі. Көбісі Шоқанды ауқатты отбасыдан шыққан қызға үйленгісі келді деп сөгіп жатты. Халықтың бұл қарсылығына да Анеля Баталованың жауабы дайын болды деп хабарлайды NUR.KZ.

«Бұл нағыз шындыққа жанаспайтын қауесет. Бізді тағдырдың өзі қосты. Үйлену тойымыздан кейін біздің шаңырағымызды қаржылай толығымен менің күйеуім қамтамасыз етеді. Ол үйдің отағасы, барлық шешімдерді де Шоқанның өзі қабылдайды. Оның сөзі - заң.
Ал Райымбеков Баталов болса, біздің үйде тек қана қайын ата, сүйікті әке мен Әлімханның атасының рөлін сомдайды», - деп айтты ол.

Шоқанның заңды әйеліне айналған күннен бастап Анеля әкесінен бір тиын да алмаған.

Көпбалалы отбасын армандаймыз

Анеля сүйіктісінің шығармашылығы жөнінде білмесе де танымал Шоқанның жүрегінен орын таба алды. Махаббаттары некеге ұласып, бір жылдан кейін бойжеткен күйеуіне шекесі торсықтай ұл сыйлады. Олар балапандарының атын Әлімхан деп қойған.

Бүгінгі күні жас жұбайлардың бар қызығы да назы да ұлдары. Оның дүниеге келгені ерлі-зайыптылардың өмірін одан бетер жарқын етті.

«Отбасылық өмірдегі Шоқан керемет жар. Ал енді әке ретінде одан бетер де жақсы. Ол жұмыстан келе сала Әлімханмен уақыт өткізгенді ұнатады. Біз жиі серуендеуге шығып тұрамыз. Отбасылық өміріміз керемет. Сүйікті жар атандым, ана болдым. Бұдан басқа не керек? Мен бақыттымын», - деп айтты Анеля.

Жас жұбайлар болашақта көпбалалы отбасы болуды арман етеді. Олардың жоспарына бес баланың ата-анасы болу кіріп отыр. Олар Әлімханның сіңілдері мен інілері неғұрлым көп болғанын қалайды.

Бос уақыттарында олар саябақтарда қыдырып, кино немесе караоке мейрамханаларына барып тұрады. Жас жұбайлардың айтуынша, шулы жерден гөрі оларға тыныш әрі жайлы орындар ұнайды.

Ерлі-зайыптылар бірлігі жарасқан үлкен отбасы ретінде күн кешіп, бірге қартаюға ниетті.

Ескерту! Материал ҚР заңнамасымен қорғалған! NUR.KZ порталының жазбаша рұқсатынсыз материалдың кез келген бөлігін көшіріп-басуға қатаң тыйым салынады!

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
0
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel