Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жартылай жалаңаш билеген шекарашы қыздар ұятқа қалды

Опубликовано:

Украинада жартылай жалаңаш күйде билеген әскери қыздардың қылығы жаға ұстатты. Интернет желісіне таралып кеткен видеода шекарашы бойжеткендер жалғыз іш киіммен жүргені байқалады деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: lenta.ru
Фото: lenta.ru: UGC

Украинаның Черкасск облысына қарасты Оршанец ауылында шекара қызметінде жұмыс істейтін әскери қыздар іш киіммен билеп желі қолданушылардың ашуын келтірді.

Оқиға орнынан түсірілген видео Facebook желісіне жүктеліп, санаулы уақытта көп қаралым жинаған. Қытайлық орындаушының әніне билеген жартылай жалаңаш бойжеткендер жатақханаға ұқсайтын бөлмеде жүргені аңғарылады.

"Шекарашылардың жаңа түрі, мерекелік кештен кейінгі қыздар. Бұл видео Оршанецтен түсірілген, алайда, бұл бойжеткендер Мостта да қызмет еткен болуы мүмкін", - деп жазылған видеоның астында.

Желі қолданушылары шекарашы қыздардың қылығына өз наразалығын білдіріп, жағымсыз пікірлерін жаудырды.

Ескерту: Видеода бейәдеп кадрлар кездеседі!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1738382-zartylaj-zalaas-bilegen-sekarasy-kyzdar-atka-kaldy/

pixel