RU
Министр ҰБТ-ны сәтті тапсыруға қажетті маңызды үш кеңеспен бөлісті
Жаңалықтар Қоғам

Министр ҰБТ-ны сәтті тапсыруға қажетті маңызды үш кеңеспен бөлісті

Рассказать Вконтакте

Білім және ғылым министрі, еліміздің бас ұстазы Ерлан Сағадиев ҰБТ-ны сәтті тапсыруға қажетті маңызды үш кеңесті атады деп хабарлайды Хабар24 арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: abctv.kz

Фото: abctv.kz

"Ең бастысы ұйқыны қандырып алу керек. Миды тынықтыру маңызды. Екіншіден сабыр сақтап, уайымдаудың қажеті жоқ. Ал үшіншіден өзін-өзі қолға алу керек. Сұрақ саны аса көп емес әрі берілетін уақыт жеткілікті. Психологиялық тұрғыдағы дайындыққа мән берген жөн. Бұған дейін әрбір түлек 7-8 рет сынақ тестін тапсырып көрді. 11 жыл білім алды. Сондықтан сұрақтардың барлығы белгілі", - дейді Ерлан Сағадиев.

Айта кетейік, биыл 20 маусымнан 1 шілдеге дейінгі аралықта 102 мыңнан аса түлек ҰБТ-дан тапсырады. Ол үшін тест қабылдайтын 167 орталық жасақталған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
2
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel