RU
Тікелей эфирде жылап қалған тележүргізушіні жұрт сынап тастады (видео)
Жаңалықтар Әлемде

Тікелей эфирде жылап қалған тележүргізушіні жұрт сынап тастады (видео)

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желі қолданушылары саяси шолушының тікелей эфирдегі әрекетін сынап тастады. Көпшілік пікірінше, Рейчел Мэддоудің көзіне жас алуы - барып тұрған жасандылық деп хабарлайды oxu.az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

БАҚ беттерінде тараған мәліметке сәйкес, журналист әйел "АҚШ-та қызметтегі тұлғалар мигранттардан балаларын тартып алып жатыр" деген жаңалықты оқып отырып, көңілі босап кеткен.

Мэддоу алдындағы жазуды оқып отырып, кенеттен бөгеліп, көз жасын тоқтатқандай түр жасайды. Біресе жымиып, ішіндегі эмоциясын жасыруға тырысқан. Алайда ол өзін ұстай алмай, ақыр соңында бағдарламаны тоқтатады.

Көрермендердің басым бөлігі бұрын соңды жаңылысып көрмеген тележүргізушінің бұл әрекетіне сенбей қалды. Оған қоса, журналистің күліп жіберуі - өзіне-өзі таңырқап қалғанын білдіреді дейді олар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel