RU
Жұмысына үш минут кешіккен 64 жастағы қария жарты айлығынан айырылып қалды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Жұмысына үш минут кешіккен 64 жастағы қария жарты айлығынан айырылып қалды

Рассказать Вконтакте

Жапонияның Кобе қаласындағы сумен қамтамасыз ету бюросы бірнеше рет жұмысқа кешіккен 64 жастағы қызметкері үшін теледидар арқылы жұрттан кешірім сұрады. Шетелдік басылымның жазуынша, ер адамның небәрі үш минутқа жұмыста болмағаны нағыз шуға айналған деп хабарлайды life.ru порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Кешірім сұраған мекеме өкілдері. Фото: life.ru

Кешірім сұраған мекеме өкілдері. Фото: life.ru

Басылымның мәліметінше, қария 7 айдың ішінде түскі ас сатып алу үшін 26 рет жұмыстан небәрі үш минутқа шығып кетіп отырған.

Ал жапондықтың бұл әрекетін әріптесі оны жұмыс уақытында көшенің арғы бетіне өтіп бара жатқан жерінен көріп қойып, әшкере еткен.

Кінәлі азамат зардап шеккен адамның алдында кешірім сұрауға мәжбүр болған. Ал мекеме тіпті оны жарты айлығынан айырыпты.

Алайда желі қолданушылары қарияны жазалаған мекеменің әрекетін ақылыға қонымсыз деп отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
4
7
4
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel