RU
Абаев: 2020 жылы Назарбаевтың сайлауға түсуінен Қазақстан ұтылмайды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Абаев: 2020 жылы Назарбаевтың сайлауға түсуінен Қазақстан ұтылмайды

Рассказать Вконтакте

Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Қазақстанда 2020 жылы өтетін президенттік сайлау туралы өз ойын айтқан Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Абаев: 2020 жылы Назарбаевтың сайлауға түсуінен Қазақстан ұтылмайды

Дәурен Абаев. Фото: primeminister.kz

"2020 жылға дейін біраз уақыт бар. Қасым-Жомарт Кемелұлының айтқанындай, шешімді тек қана елбасы қабылдайтын болады.

2020 жылы қандай жағдай қалыптасады, соған қарай пікір білдіруімізге болады.

Алайда, президенттің саясат, экономика салаларындағы зор тәжірибесін, оның халықаралық деңгейдегі беделін есепке ала отырып, егер мемлекет басшысы 2020 жылы сайлауға түссе, Қазақстан одан ұтылмайтынына сенімдімін. Бұл менің президенттің жанында біршама уақыт бойы бірге жүріп, істес болған адам ретіндегі ойым", - деді Абаев.

Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев өз сұхбатында Нұрсұлтан Назарбаевтың 2020 жылы елімізде өтетін президенттік сайлауға қатысу-қатыспауы туралы өз пікірін айтқан болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
28
1
1
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel