RU
ҰБТ-ның алғашқы күнінде ешбір түлек жоғары балл алған жоқ
Жаңалықтар Қоғам

ҰБТ-ның алғашқы күнінде ешбір түлек жоғары балл алған жоқ

Рассказать Вконтакте

ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов ҰБТ-ның бірінші күнін қорытындылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

ҰБТ-ның алғашқы күнінде ешбір түлек жоғары балл алған жоқ

Түлектер: Zanmedia.kz

ҰБТ-ның алғашқы күні Қазақстан бойынша 13 897 түлек сынақ тапсырды. Республика бойынша орташа балл 80,9 балды құрады, былтыр бірінші күннің нәтижесі бойынша 77,5 процент болған еді. Орташа балл республика бойынша 4 процентке жоғарылады.

11 795 түлек немесе ҰБТ тапсырғандардың 84,8 проценті шекті 50 балдан жоғары жинады. Ал 2102 бала шекті балл да ала алмаған.

Ең жоғары балл 137 болды.

Ағылшын тілінде тапсыруға өтініш білдірген түлектер саны – 46, кеше соның біреуі Алматыдағы ҚазҰУ-де ҰБТ тапсырып, 81 балл жинады.

Оңтүстіктегі пунктердің бірінде бір түлек ҰБТ өткізу ережесін бұзғаны үшін аудиториядан қуылып, сынақ тапсыра алмады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
2
2
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel