RU
Шымкент тұрғындары қайта оралған Әбдірахымовты қошеметке бөледі
Жаңалықтар Саясат және экономика

Шымкент тұрғындары қайта оралған Әбдірахымовты қошеметке бөледі

Рассказать Вконтакте

Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентке қайта басшы атанды. Бұл соңғы кездегі ең көп талқыланған жаңалық шығар? Президенттің жарлығымен бұрынғы қала басшысы "миллион" тұрғыны бар республикалық деңгейдегі қаланың әкімі атанды деп хабарлайды Otyrar.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Otyrar.kz

Фото: Otyrar.kz

Ғабидолла Әбдірахымов қызметіне отырғанға дейін халық арасында түрлі нұсқалар пайда болды. Тұрғындар премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың келіп, қаланың жаңа басшысын тағайындау сәтін ұзақ күтті.

Фото: Otyrar.kz

Фото: Otyrar.kz

"Барлықтарыңыз Шымкенттің мегаполис болғанын білесіздер! Құттықтаймын! Елбасы жарлыққа қол қойды. Енді сіздерде жаңа әкім болады. Барлықтарыңыз оны білесіздер, құрметтейсіздер. Ол - Ғабидолла Әбдірахымов", - деді министрлер үйінің басшысы.

Жиынға қатысушылар орындарынан тұрып, әкімді қошеметке бөледі.

Әбдірахымовтың ұзаққа кете қоймағанын ескерте кеткен жөн. Ол "Нұр Отан" партиясының хатшысы болған жеті айында, Шымкент шаһарын Нұрлан Сауранбаев басқарды.

Сауранбаевқа атқарған қызметі үшін алғыс айтылды. Ол мегаполистің жаңа басшысына сәттілік тілеп, өзінің болашақ жоспарларымен бөліспеді.

Ғабидолла Әбдірахымов өзінің енгізген ерекшеліктерімен есте қалды. Мысалы, ол шенеуніктерге қызметтік автокөлікті қолдануға рұқсат бермейтін. Оны өзі де қолданбайтын. Жұмысына автобуспен немесе велосипедпен баратын.

Фото: Otyrar.kz

Фото: Otyrar.kz

Ол қаланы 2015 пен 2017 жылдары басқарды.

Еске салайық, Шымкент қаласына республикалық маңызы бар дәреже берілгеннен кейін, президент жаңа Түркістан облысы туралы жарлыққа қол қойып, Жансейіт Түймебаевты облыс басшысы етіп тағайындады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
2
14
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel