Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жалғыз ұлынан тірідей айырылып отырған әке жанайқайын жеткізді

Опубликовано:

Осыдан алты жыл бұрын Қытайдан көшіп келген, бүгінде Қазақстан азаматы, Ұзынағаш тұрғыны Бағдат Мәден жалғыз ұлы 22 жастағы Бауыржаннан тірідей айырылып отыр. Оның себебі ұлы әлі күнге дейін Қытайда жүр. Қазақстанға келіп азаматтық алу былай тұрсын, елге кіргізуге бес жылға тыйым салып тастаған деп хабарлайды "Қамшы" порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: qamshy.kz
Фото: qamshy.kz: UGC

Басылымның жазуынша, Бауыржан Мәденнің Қытайда не жақыны, не туысы да жоқ. Сондықтан ол баласының жат елде жалғыз жүргеніне алаңдаулы.

Екі баласы бар Бағдат Мәден мен әйелі 2012 жылы ықтиярхат алып, азаматтық алғанға құжаттар тапсырады. Үлкені Бауыржан ол кезде оқуда болғандықтан «оқуынан қалдырмайық, ықтиярхатты кейіннен алар» деген оймен кәмелет жасқа толмаған қыздарын анасының атына тіркетеді. 2014 жылы Қазақстанға біржола көшіп келеді. Ата-анасымен еріп Бауыржан да келіпті.

Фото: qamshy.kz
Фото: qamshy.kz: UGC

Алайда дәл сол жылдары ҚР заңдарына өзгеріс еніп, ықтиярхат алуды тоқтатып тастаған. Осылайша азаматтық алу үшін құжаттар жасау мүмкін емес болып, тек уақытша тіркеу алады. Дегенмен уақытша тіркеудің уақыты бітіп, Қытайға өтіп бара жатқанында балаға айыппұл салады. Оның үстіне Алматы облысы Көксу ауданының көші-қоны ықтияр хаттың дайын болатынын, әзірленіп жатқанын айтып, бұларды сендіреді. Сол үшін де екі ел арасында әрі-бері жүргеннен гөрі, айыппұл төлеп құтылуды жөн көреді. Бұл 2015 жылдың тамызындағы жағдай еді. Алайда «ықтияр хат жасап беретін» адамдардан сол күйі хабар болмайды.

«Сол уақыттан бері анасы екеуміздің ішкеніміз ірің, жегеніміз желім» деп қынжылады Бауыржанның әкесі.

«Егер Қытайда бір туысым болса, алаңсыз жүрер едім, бірақ ұлым онда жалғыз» дейді Бағдат Мәден. Оның үстіне жалғыз тұяғы да сол екен. Қазіргі саяси жағдайға байланысты баласымен байланысу да қиынға соққан.

Бағдат Мәденнің ұлы Бауыржан ішкі істер министрі Қ. Қасымовтың қабылдауында болыпты. Алайда арызы ауызша болғандықтан, тіркелмей қалған көрінеді.

Баланың жағдайы тек сыртқы істер министрлігінің назарына ілігеді, министрлік Бауыржанның жан айқайына құлақ түріп, Жоғарғы сотқа оң шешім қабылдаудың қажеттігі туралы өтініш білдіреді. Алайда Жоғарғы соттан еш хабар жоқ.

«Бауыржанды Қытайда ештеңе ұстап тұрған жоқ, тіпті Қазақстанға да қаупі жоқ азамат. Оны қайтарып алғаннан ұтпасақ, ұтылмаймыз» дейді белгілі заңгер Камшат Есмухамбетқызы. Заңгердің айтуынша, заң бойынша Бауыржан Мәден Қазақстанға қайтуға толық құқылы.

Фото: qamshy.kz
Фото: qamshy.kz: UGC

Осыған орай Есмұхамбетова,екіншіден, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 851-бабы 5-бөлімінің 1-тармағын (адамдардың өмірі, денсаулығы үшін не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігі үшін орны толмас ауыр зардаптарға алып келуі мүмкін болатын жағдай) мысал ретінде келтірді. «Бүгінгі Қытайдағы этникалық қазақтардың ахуалын ойлайтын болсақ, баланың өміріне қауіп төніп тұр деп айта аламыз», - дейді Есмұхамбетова.

Үшіншіден, ҚР «Халықтың көші-қоны туралы» Заңының 27-бабына сәйкес: «Шақырушы адамның мына отбасы мүшелері отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасына жіберіледі: егер Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын көшіп келуші шақырушы адам болса – осы баптың 3-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақтарында аталған адамдар.

Тұрақты тұруға арналған рұқсаты бар шақырушы адамның отбасы мүшелеріне уақытша тұруға арналған рұқсат жыл сайын ұзарту құқығымен бір жылға беріледі» деп көрсетілген.

Ал осы баптың 3-тармағы 2-тармақшасында: «Мыналар: некеде тұрмайтын және шақырушы адамның асырауындағы және (немесе) қамқоршылығындағы (қорғаншылығындағы) балалар отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасына келетін шақырушы адамның отбасы мүшелері болып табылады» деп көрсетілген. Алайда заң талаптарын жете түсінбеуіне байланысты Бағдат Мәден баласының Қазақстанға келу мақсатын дұрыс көрсетпей, отбасы біріге алмай, бөлініп кеткен. Яғни бұл әрекет ҚР-ның заңына қайшы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1738434-zalgyz-lynan-tiridej-ajyrylyp-otyrgan-ke-zanajkajyn-zetkizdi/

pixel