RU
Мысырлық футболшы харам сыйлықтан бас тартты (фото)
Жаңалықтар

Мысырлық футболшы харам сыйлықтан бас тартты (фото)

Рассказать Вконтакте

Ресейде өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңінің алғашқы айналымында Уругвай құрамасы мысырлықтармен кездескен болатын. Матч кезінде ең үздік ойыншы ретінде танылған Мысыр құрамасының қақпашысы Мұхаммед Шенауи өзіне тарту етілген сыйлықты қабылдаудан бас тартты. Бұл туралы gazeta.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: twitter.com/MarwanAhmed_KF

Фото: twitter.com/MarwanAhmed_KF

Белгілі болғандай, қақпашы Мұхаммед Шенауиге сыйлыққа сыра тарту етілген болатын. Шариғатта ішімдікке тыйым салынғандықтан, ол сыйлықты алудан бас тартқан.

Еске салсақ, Екатеринбург қаласында мысырлықтармен өткен ойын уругвайлықтардың жеңісімен аяқталған еді. Есеп - 1:0.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
34
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel