RU
Танымал шымкенттік тележүргізуші ақын қыздың жүрегін қалай жаулағанын айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Танымал шымкенттік тележүргізуші ақын қыздың жүрегін қалай жаулағанын айтты

Рассказать Вконтакте

Белгілі тележүргізуші, актер Нұрсұлтан Есжан айтыскер арумен қалай танысқанын айтып, ағынан жарылды. Айтуынша, оның үйленуіне анасы мен әжесі себепкер болған екен деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Тележүргізуші болашақ жарын қалай кездестіргенін айтып, желіге жазба қалдырды. Оның сөзіне сенсек, болашақ жары алдымен оның әжесі мен анасына қатты ұнаған екен.

"Жоғарғы оқу орнын аяқтаған кезім. Өмірлік серігім болатын аруды іздеп жүргеніме 3 жылға жуықтаған. "Бәлкім, шын махаббатымды таба алмайтын шығармын" деген ойлар да жиі келе бастады. 2008-ші жылдан, 16-жасымнан бастап жұмыс істеп жағдайымды, өзімді байсалды қарым-қатынасқа, жалпы, үйленуге әлдеқашан дайындап қойғанмын. Өзім іздеп тапқан, басқалардың кеңесімен де біраз қызбен кездесіп жүрдім. Бірақ, ешқайсысын жүрегім қабылдай қоймады. Алматыдай алып қалада үй-жайым бар, сүйікті жұмысым бар, достарым жетерлік. Түннің жарымына дейін қалада жүремін, үйге қайтқым келмейді. Қысқасы, бойдақтық өмірден жалыға бастадым. Өмірде қызық қалмай бара жатқандай болып көрінді. Сөйтіп жүргенде не керек жұмыс күндерінің бірінде НТК арнасында фильм аудармасын жасап отырсам, ауылдан қоңырау келіп түсті. Қоңырау шалған анам: "Айтыс көріп отырмыз. Сөзі жақсы, жөні дұрыс, сүп - сүйкімді қыз айтысқа шықты. Көрші. Нағашы әпкең ұсынды, әжең қолдап отыр. Осы қызбен танысқаныңды қалаймыз", - деді.

Бұл салада жұмыс істеп жүргендіктен телеарнаның іші бөлек, сырты басқа екенін жақсы білемін ғой. Анама, көк жәшіктен мені де кемшіліксіз көретін жандардың көптігін, теледидар арқылы адамның қандай екенін топшылау мүмкін еместігін айттым. Анам болса бір айтқан өтініштерін жерде қалдырмуымды сұрап, айтқанынан қайтпай тұрып алды. Эфирдегі фильмдерім күйіп бара жатқандықтан, анаммен сөз таластырғым келмей, "Жарайды. Танысып көремін" - деп тұтқаны қоя салдым", - деп әңгімесін бастады Нұрсұлтан.

Сонымен бірге ол болашақ жарымен әлеуметтік желі арқылы танысқандығын да жасырмаған.

"Арадан 5 минут өтер-өтпес әлгі қыздың әлеуметтік желілерін жіберіпті анам. Дайын дүние өзі келген соң, еріксіз ашып қарауыма тура келді. Қарасам, тәп-тәуір қыз. Түк қиындығы жоқ, дос болуды ұсынып, танысуға шақырдым. Достықтарын қабылдамаған 2000-ға жуық адамның ішінен мені бірден қабылдапты. Сөйтіп сол күні-ақ кешке виртуалды әлемдегі әңгіме дүкеніміз басталып кетті. Қысқасы, өмірге деген көзқарасымыз тым жақын болған соң әңгімеміз бірден жарасты. Не керек, бұған дейін әбден қыздармен кездесіп, сөйлесіп әккі болып алғанмын ғой. Қысқасы, 1 жыл кездестік, сосын Алланың қалауымен үйлендік", - дейді тележүргізуші.

Желі қолданушылары қос жұпқа "Бақытты болыңыздар", "Әдемі жұпсыздар" деген тілектерін жаудырған.

Айта кетейік тележүргізуші шығыс қазақстандық айтыскер ару Бибігүл Тілеуболдиновамен былтыр шаңырақ көтерген еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
1
24
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel