RU
18 баланың әкесіне Даниал Ахметовтің өзі көмек қолын созбақ
Жаңалықтар Саясат және экономика

18 баланың әкесіне Даниал Ахметовтің өзі көмек қолын созбақ

Рассказать Вконтакте

18 баланың әкесі Виктор Кандыба ШҚО әкімінің қабылдауында болып, микроавтобус пен үй салу үшін жер телімін сатып алып беруге көмек сұрады. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының ақпараттық орталығына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: ШҚО ақпараттық бөлімі

Фото: ШҚО ақпараттық бөлімі

18 баланың әкесі Виктор 51 жаста. Кенже баласының жасы 3-те.

Көпбалалы әке тұрмыстық техниканы жөндеу шебері болып жұмыс істесе, әйелі үй шаруасында. Балаларды тәрбиелеу соныің мойнында. Үлкен екі баласы құрылысшы мен омарташы болып жұмыс істейді.

Көпбалалы әке облыс әкіміне автокөлік пен жер телімін алу үшін көмек сұрап барған.

"Біз жеке үйде тұрамыз. Әр балаға жекелей пәтер алып беруге шамаыз жоқ. Сол үшін бізге үйге беріле ме, жоқ па, соны білгім келді. Балалар өз үйлерін бірінің қасына бірі сала алады", - деді Виктор Даниал Ахметовтың қабылдауында отырған кезде.

Әкім 18 баласы бар осындай керемет адамның Шығыс Қазақстан облысында тұратынына қатты таңғалып, қуанды. Ол Викторды нағыз батырға теңеді. Әкім Виктордың мәселесіне назар салды.

"Біз сізге көмектесеміз. Айдың ішінде микроавтобусты алу жайлы мәселе шешілетін болады. "Парыз" қайырымдылық қоры арқылы Семейден сізге арнайылап микроавтобус алдыртамыз. Құрылысқа арналған жер телімін сіздің көзіңізше бөліп беремін. Бұл істің жабылып қалмауы үшін барлығын істейміз", - деді ШҚО әкімі.

Аз уақыттың ішінде Виктордың мәселесін шешу үшін Ахметов қала әкімі Ермак Салимов пен жер қатынастары басқармасы Виктория Барсуковаға тапсырма берді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
0
1
1
16
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel