RU
Петропавл әкімінің егде жастағы адамға ұрысып жатқан видеосы желіде тарап кетті (видео)
Жаңалықтар Саясат және экономика

Петропавл әкімінің егде жастағы адамға ұрысып жатқан видеосы желіде тарап кетті (видео)

Рассказать Вконтакте

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті қарт агрономға ұрысқаны үшін Петропавл әкімі Марат Тасмағанбетовке қатысты қызметтік тергеу жүргізеді деп хабарлайды Петропавловск news сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Агроном Равиль Рязапов пен әкім Марат Тасмағанбетов.

Агроном Равиль Рязапов пен әкім Марат Тасмағанбетов.

Қала басшысының еңбек сіңірген агроном, Петропавлдың құрметті азаматы Равиль Рязаповқа ұрысқан видеосына байланысты департамент өкілдері талдау жүргізетін болды.

"Біз бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерге күнделікті мониторинг жүргіземіз. Сондықтан бұл жағдай туралы білеміз және шара қолданамыз. Егер этикалық нормаларды бұзу дерегі анықталса, Петропавл әкімі жазаға тартылады",- деді Жанат Жұмабаев.

Қарт агроном Рязапов ботаникалық бақта жыртқыш аңдарды асырауға қарсы болғаны үшін әкім Тасмағанбетовтен сөз естіп қалды. Болған жайтты жиналысқа қатысқан жандардың бірі телефонға түсіріп алған.

"Сондай балағат сөздер болды, сұмдық! Мұнда әйелдер тұр ғой дедім. Ол болса, ол баяғыда әйел болудан қалған, ол шенеунік деді. Осыны боқтықпен айтты. Бұл Ботаникалық бақта демалатын керемет орындар бар. Менің ұсынғаным: орындық, фонтан, мүсіндерді жаңартайық дедім. Ал біздікілер мұнда аю, қасқыр мен қабан ұстамақ. Оларға кім қарайды? Мұнда балалар келеді. Айына мыңдаған бала. Бұл ботаникалық бақты көру үшін жақын қалалардан келеді. Мұнда суда мекен ететіндер, тотықұстар мен еліктер бар. Бірақ аяқ-асты аюды... Қалай... Мен өзім аюдан қорқамын. Ол болса маған: өзің белгілерді жинап алғаныңмен, түк те ұқпайсың деп айтты", - деді Равиль Рязапов.

Агрономның сөзінше, осы оқиға 14 маусым күні болған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
0
2
2
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel