RU
Ғалымдар адам бақытына әсер ететін жағдайды анықтады
Жаңалықтар Калейдоскоп

Ғалымдар адам бақытына әсер ететін жағдайды анықтады

Рассказать Вконтакте

Ғалымдар адамдардың бақытын еселей түсетін басты себептерді анықтады. Бір қызығы олардың болжамынша, үлкен қалаларда өмір сүретін адамдар шексіз бақытты болады екен деп хабарлайды Новое времяға басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: VitaMarg.com

Фото: VitaMarg.com

Олардың айтуынша, қаладағы қым-қуыт тіршілік кей адамдарды шаршататынымен, көп жандарға, керісінше оң әсер етеді екен. АҚШ-тың Калифорния штатының зерттеушілері дәл осындай тоқтамға келіп отыр.

"Қалада адамдар үнемі қозғалыс үстінде болады. Осындай тынымсыз еңбектің өзі адамдарға шексіз бақыт сыйлайды", - дейді ғалымдар.

Бұған дәлел ретінде олар бірнеше болжамды алға тартып отыр.

"Жалғыз біз ғана емес, басқа да ғалымдардың тәжірибелері осы тұжырымдаманы растап отыр. Еңбек етіп, үнемі ізденісте жүрген адамдар өмірден ләззат алады және айналасына да бақыт сыйлайтын болады.

Әсіресе кішігірім қалаларда емес, үлкен шаһарда тұратын адамдар өмірге бейім, басқа адамдарға қарағанда еңбекке жақын келеді. Сол себепті олар өзгелермен салыстырғанда әлдеқайда бақытты болады", - дейді мамандар.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel