RU
Өзіне айтылған сынды көтере алмаған Месси жылап қалды
Жаңалықтар Спорт

Өзіне айтылған сынды көтере алмаған Месси жылап қалды

Рассказать Вконтакте

Лионель Мессидің анасы Селия Куччиттини ұлының өзіне айтылған сынды көтере алмайтынын жеткізді. Бұл туралы NUR.KZ порталы sports.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Лионель Месси. Фото AFP

Лионель Месси. Фото AFP

"Негізінде адамдар оны жақсы көреді. Лео да оларға ыстық ықыласын білдіріп жатады. Бұл керемет...

Ол турнирге көп үміт артуда. Себебі, оның ең асқақ арманы - әлем чемпионатын жеңу. Ол бұны қатты қалайды.

Леоны отбасы қолдауда... Алайда біз сынды жүрегімізге жақын қабылдаймыз. Лионель жауапкершілікті сезінбейді деуде, алайда бұл жалған.

Сендер біз білетін Леоны білмейсіңдер: ол қатты қайғырады және жылап алады. Ол өзіне айтылған сынды көтере алмайды, біз де ауыр қабылдаймыз...

Менің төрт балам бар. Олардың бәрін жақсы көремін. Алайда Лео - Құдайдың өзі бере салған бала, ең кереметі, ол керемет әке, керемет күйеу. Ол өте керемет жан екеніне ант етемін. Бұлай дегенім дұрыс емес болса да, айтарым осы", - дейді Мессидің анасы.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
9
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel