RU
Омыртқасы ауырған әйел жыныстық қатынастан ләззат ала алмайтын күйге түсті
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Омыртқасы ауырған әйел жыныстық қатынастан ләззат ала алмайтын күйге түсті

Рассказать Вконтакте

45 жастағы ұлыбританиялық әйел өзіне диагнозды уақытылы қоя алмаған дәрігерлерді сотқа берді. Джинни Атчисонның омыртқасына зақым келгендіктен, ол жыныстық қатынастан ләззат ала алмайтын болып қалған. Бұл туралы Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Атчисон бір жыл бойы түсініксіз аурумен ауырады. Алайда медицина қызметкерлері оған нақты диагноз қоя алмай, суықтауға қарсы жақпа беріп қана шектеледі. Әйелдің ауруы басылмаған соң, ол тағы да тексеруден өтеді. Содан кейін ғана мамандар оған бірден ота жасау керек деп шешкен.

Әйелдің жағдайы отадан кейін де жақсармайды. Ол қуығында ауырсыну сезініп, интимдік жағынан сезімталдығын жоғалта бастайды. Кейінірек, аурудан әбден азап шеккен әйел жыныстық қатынастан мүлдем ләззат ала алмай, дәрігерлерді сотқа береді.

Сот Атчисонның пайдасына шешіліп, аурухана қызметкерлері оған 1,5 миллион евро төлеген. Жәбірленуші бұл ақшаның денсаулығын қайта қалпына келтіре алмаса да, біршама уақыт жақсы өмір сүруіне көмектсетенін айтып отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
2
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel