RU
Рамос өзін сынға алған Марадонаға жауап берді
Жаңалықтар

Рамос өзін сынға алған Марадонаға жауап берді

Рассказать Вконтакте

Испания құрамасының капитаны Серхио Рамос әйгілі Марадона жайлы не ойлатынын айтып, көпшілікті таңғалдырды. Ол аргентиналық футбол жұлдызы Диегоны Лионель Мессиден әлдеқайда әлсіз санайтынын жайып салды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: eurosport.kz

Фото: eurosport.kz

Серхио Рамос өзін "Испания капитаны болуға лайық емес" деп сынап тастаған әйгілі футболшыға жауап берді. Диего Марадона құраманың капитандары уругвайлық Диего Годин сияқты болу керектігін айтып, испаниялық футболшыны сөгіп тастаған болатын.

Футбол жұлдызының айтқанына Рамостың да жауабы дайын болды.

"Мен Диегоны қатты сыйлаймын. Ол әлемдегі үздік футболшылардың бірі болғаны сөзсіз. Алайда, мен Аргентина футболы тарихындағы ең мықты футболшы деп оны емес, Лионель Мессиді санаймын. Марадона оның деңгейінен әлдеқайда алшақ орналасқан. Оны Диегоның өзі де жақсы түсінеді", - деп айтты испаниялық қорғаушы.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel