RU
Семей тұрғыны бес жасар баланы мазасын алғаны үшін өлтіріп тастады
Жаңалықтар Қоғам

Семей тұрғыны бес жасар баланы мазасын алғаны үшін өлтіріп тастады

Рассказать Вконтакте

Семейде бес жасар бүлдіршінді аяусыз соққыға жығып өлтірген Олжас Қаленовке қатысты сот ісі қаралды. Сот оны 19 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған. Бұл туралы NUR.KZ порталы kaz.altaynews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүлдіршін. Көрнекі фото: cloudfront.net

Бүлдіршін. Көрнекі фото: cloudfront.net

Ер адам жазасын қатаң тәртіптегі түзету мекемесінде өтейтін болады. Қайғылы оқиға жарты жыл бұрын желтоқсан айында Семейде орын алған еді.

Сол күні Олжас Қаленов өзімен бірге тұратын әйелдің бес жасар қызы Айшамен үйде жалғыз қалады. Ішімдікке сылқия тойған Олжас бүлдіршінді өлтіріп тастайды.

Өзінің айтуынша, ауырып, анасын іздеген бала оның мазасын алып жіберген екен. Сәбидің еркелігін көтере алмаған Олжас оған 27 жерінен дене жарақатын салған.

Ауыр жарақаттардан қыз бала көз жұмады. Сотта Қаленов кінәсін мойындамады. Дегенмен, сот оны кінәлі деп тауып отыр.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
3
0
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel