RU
Бойжеткен бала кезінде өзін зорлап кеткен азаматты ұстау үшін полицейге айналды
Жаңалықтар Әлемде
BBC Русская Служба

Бойжеткен бала кезінде өзін зорлап кеткен азаматты ұстау үшін полицейге айналды

Рассказать Вконтакте

Тоғыз жасар бразилиялық қыз Табатаны 39 жастағы отбасылы ер адам зорлап кетеді. Фабрицио кішкентай қызды екі жыл бойы қинап келген деп хабарлайды bbc.com сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: autogid55.ru

Көрнекі фото: autogid55.ru

Бұл жайттан кейін 12 жыл өткен соң, Табата полицейге айналып, өзіне зорлық көрсеткен азаматты қамауға алады.

Фабриицио табиғат аясын суретке түсіргенді ұнататын жақсы фотограф болған. Ол айналасындағы адамдармен жақсы қарым-қатынас ұстап, Табатаның әкесімен танысады. Олар күнде футбол ойнап, көп ұзамай отбасыларын алып, барлығы бірге демалысқа шығады.

"Көп ұзамай ол маған тиісетін болды. Мен тым кішкентай болғандықтан, алғашында оның әрекетін түсінбейтінмін.

Бірде мені онымен бірге суға жіберді. Ол мені зорлағысы келді. Бірақ мен одан қашып кетіп, ата-анама жүгіріп бардым. Ешкім менен не болғанын да сұрамады. Ал әкем өте қатал болған соң, оған мән-жайды айтуға қорқатынмын", - дейді Табата.

Уақыт өте келе, қылмыскер Табатаның отбасын толық зерттеп алып, оны жалғыз қалған сәтінде үнемі зорлайтын болған. Қыз 11 жасқа толғанда барлығын анасына айтып бергісі келеді. Алайда анасы қатты ауырып қалғандықтан, ешнәрсе айта алмайды.

Осылайша, Табата 16 жасқа келгенде бір-ақ анасына бар құпиясын жайып салады. Олар құқық қорғау органдарына шағымданғанымен, ондағылар біршама уақыт өтіп кеткенін желеу етіп, істі көпке дейін қарамай қояды.

Табата 24 жасқа келгенде полицейдің оқуын бітіріп, бұл іспен өзі айналыса бастайды.

"2016 жылдың желтоқсанында Фабриционы қашып жүрген жерінен әріптесім ұстап алып келді. Бірақ мен оны өз қолыммен қамауға алдым. Ол бір жылға жетпей, бостандыққа қайта шықты.

Мен барлық ата-аналарға балаларымен көбірек сөйлесіп, олардың жеке қалғанда не істейтінін қадағаласа екен деймін", - деп сөзін қорытындылады бойжеткен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
5
1
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel