RU
Ашушаң әйел рұқсатсыз кредит алған күйеуін өлтіріп тастады
Жаңалықтар Әлемде

Ашушаң әйел рұқсатсыз кредит алған күйеуін өлтіріп тастады

Рассказать Вконтакте

Қырғызстандағы Ош облысында 42 жастағы ер азамат өз әйелі мен туған баласының қолынан қаза тапты. Анықталғандай ол рұқсатсыз несие алғаны үшін әйелімен жанжалдасып қалған. Ерлі-зайыптылар ұрысының соңы отағасының өлімімен аяқталды деп хабарлайды kabarlar.org сайтына жасаған NUR.KZ.

Фото: kabarlar.org

Фото: kabarlar.org

Қайғылы оқиға Қара-Сүй ауданына қарасты Қашқар-Қыштақ ауылында орын алған. Күйеуінің кредит алғаны үшін ұрысып қалған ерлі-зайыптылардың жанжалы ер адамның өліміне әкеп соқтырған.

"Ата-анасының ұрысып жатқан кезінде, анасын жақтамақ болған 16 жастағы ер бала әкесін ағашпен ұрып жіберген. Артынан әйел адам күйеуіне бірнеше рет пышақ сұққан", - деп хабарлайды облыстық полиция басқармасы.

Қылмысты жасырып қалмақ болған әйел мен ер бала отағасының атынан хат жазып, оны үйдің бақшасына көміп тастаған. Марқұмның атынан жазылған хатта оның қарыздарға шыдай алмай Ресейге кетіп қалғаны жөнінде айтылған.

Алайда, ағасының жай-барақат кетіп қалғанына сенбеген інісі, кешке сол үйге барған сәтте қылмысты әшкерелеген. Ер адам ағасының үйіне кіріп келгенде жеңгесі қан болған киімдерді өртеп жатқан.

Күдікті ретінде танылған әйел мен оның ұлына қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары басталып кетті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
3
5
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel