Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аcтанада қазіргі бессайыстан әлем кубогының финалы ресми түрде ашылды

Опубликовано:

Бүгін Астанада қазіргі бессайыстан Әлем Кубогы кезеңінің финалдық бәсекесі ресми түрде жалауын көтерді. Елордамызда тұңғыш рет өткелі отырған финалдық сынға әлемнің үздік спортшылары жиналған деп хабарлайды olympic.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ

Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz: UGC

Ашылу салтанатында қазіргі бессайыс Халықаралық Одағының Президенті Клаус Шорман, Қазақстанның қазіргі бессайыс Федерациясы президенті Берік Имашев, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті спорттық дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов қатысты.

Қазіргі бессайыстын Әлем Кубогінің финалы - бұл маусымдағы ең маңызды кезең. Осы маусым бойы өте жоғары нәтиже көрсеткен 36 ер адам мен 36 әйел спортшының арасында тартыс өтпек. Спортшылар Каир, Лос-Анджелес, Кечкемет және София қалаларында өз мықтылықтарын дәлелдеген болатын.

"Елімізде мұндай бәсекені өткізу қазіргі бессайыстың дамуына үлкен серпін бермек. Осындай финалық доданы біздің елге сеніп тапсырған федерация президентіне Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық Комитетінің атынан алғыс білдіремін", - деді Елсияр Қанағатов.

Айта кетейік, қазіргі бессайыстан Әлем Кубогінің финалы маусымның 21-24 аралығында «Сарыарқа» велотрегі, «Барыс Арена» спорт кешені, «Қазанат» атшабары базаларында өтеді. Байрақты жарыста Қазақстан атынан Ардақ Ахидуллаева, Павел Ильяшенко және Владислав Сухарев бақтарын сынап көреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1738499-actanada-kazirgi-bessajystan-lem-kubogyny-finaly-resmi-trde-asyldy/

pixel