RU
Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, жаңбыр жауады
Жаңалықтар Қоғам

Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, жаңбыр жауады

Рассказать Вконтакте

"Қазгидромет" синоптиктері 22 маусымға арналған ауа райы болжамын назарға ұсынды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Жауын. Көрнекі фото: Fishki

Жауын. Көрнекі фото: Fishki

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болып, кей жерлерде жаңбырмен бірге найзағай болады, желдің күшеюі күтіледі.

Қазақстанның солтүстігінде және орталығының кей жерлерінде дауыл, бұршақ болуы мүмкін.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі, күндіз кей жерлерінде дауыл күтіледі, бұршақ болуы мүмкін.

Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді, жекелеген аудандарда бұршақ болуы мүмкін.

Ақтобе, Батыс Қазақстан, Павлодар, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі

Жамбыл, Атырау, Алматы, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл , Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel