RU
Қарағандыда пәтердегі өрттен әкесі мен баласы мерт болды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қарағандыда пәтердегі өрттен әкесі мен баласы мерт болды

Рассказать Вконтакте

Қарағандыда пәтерлдердің бірінде тілсіз жау әкесі мен баласының өмірін жамады деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

КТК сюжетінен скриншот

КТК сюжетінен скриншот
Source: UGC

40 жастағы ер адам мен оның бес жасар баласының денесі пәтердегі бөлмеден табылған. Әкесі бірден көз жұмғанымен, бала әлі тірі болған. Бірақ жедел жәрдем бригадасы келіп, көмек қолын созғанымен ажалдан құтқарып қалу мүмкін болмапты.

Қайғыдан қан жұтқан үйдің отанасы өрт кезінде қызымен бірге сыртта болған. Өрт жалмаған подъезден 15 тұрғын қауіпсіз жерге шығарылды. Алайда, жоғары қабатта тұратын 83 жастағы қария түтінге уланып, ауруханаға жеткізіліпті.

Болжам бойынша өрт өшірілмеген темекі немесе сіріңкеден тұтану салдарынан болуы мүмкін.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel