RU
Алматыда көлігімен көпірге соғылған жүргізуші көз жұмды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматыда көлігімен көпірге соғылған жүргізуші көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Алматыда түнде жантүршігерлік жол апаты болды. Toyota көлігін тізгіндеген 27 жастағы жігіт теміржол көпірінің тіреуіне соғылып, қаза тапты. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

КТК сюжетінен скриншот

КТК сюжетінен скриншот

Көлік қатты соғылғанның салдарынан ортасынан қақ бөлініп кеткен. Ал, көлік жүргізушісі болса жедел жәрдем келмей жатып көз жұмған. Жігттің қасында отырған бойжеткен қазір ауруханада жатыр. Жағдайы өте ауыр.

Сақшылардың айтуынша, марқұм жігіт белгісіз себептермен рөлге ие бола алмай қалған. Күл-талқаны шыққан көліктен жастарды шығарып алу қиынға соқты.

Оқиға орнына дереу өрт сөндірушілер келіп, жалынның өршіп кетуіне жол бермеді.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
3
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel