RU
Талдықорғанда жүрегі соңғы сәтке дейін соғып тұрған сәби өлі туылды
Жаңалықтар Қоғам

Талдықорғанда жүрегі соңғы сәтке дейін соғып тұрған сәби өлі туылды

Рассказать Вконтакте

Талдықорғанда дүниеге өлі күйінде келген нәрестенің жақындары баланың өліміне дәрігерді кінәлап жатыр. Айтуларынша, нәрестенің кіндігі мойнына оратылып қалған деп хабарлайды 31 арна.

Нәресте. Көрнекі фото: Liter.kz

Нәресте. Көрнекі фото: Liter.kz

Талдықорғандағы перинаталдық орталықта кішкентай нәрестенің өлі дүниеге келуіне дәрігерлерді кінәлағандар, тіпті құзырлы органдарға шағым да жазып үлгеріпті.

"Ваккуммен алты рет сорды баланы, бірақ шығара алмады. Көмектесе алмады. Бала шықпады. Менің келінімнің үстінен қинап, көмек жасады, ішінен қысып, кезек-кезек үш-төрт әйел шынтағымен көмектесуге кірісті. Қызым қатты қиналды. Сол кезде кесар тілігін жасағанда, менің балам тірі қалар еді", - дейді Талдықорған қаласының тұрғыны Гүлнәр Көкебаева.

Ал 22 жастағы әйелді босандырған дәрігер әрі босану залының меңгерушісі толғақ кезінде жатырдағы баланың жүрегі соғып тұрғанын жасырмады. Бірақ, оқиғаның кенеттен осылай аяқталғанына әзірге болжамын ғана айта алады.

"Босанардың алдында 10-15 минут бұрын жүрегінде патологиялық өзгеріс болды. Баланың кіндік бауы бір рет мойнына оратылған. Және де қараған кезде баланың кіндік бауы байланып қалған. Өздігінен байланыс болады, байланып қалған. Осы себептерге байланысты деп ойлаймыз", - дейді Талдықорғандағы облыстық перинаталдық орталықтың дәрігері Айгүл Амангелді.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
8
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel