RU
Қазақстандық зілтеміршілер Токиоға бара ма?
Жаңалықтар Спорт

Қазақстандық зілтеміршілер Токиоға бара ма?

Рассказать Вконтакте

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы дисквалификацияға ұшыраған зілтеміршілердің Токиоға бару-бармауы жайында айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазақстандық зілтеміршілер. Фото: comode.kz

Қазақстандық зілтеміршілер. Фото: comode.kz

"Дисквалификация алған спортшылар Токиодағы Олимпиадаға қатысуы үшін мәселені заң жүзінде қарап жатырмыз. Оның үстіне, Илья Ильин ерекше құлшыныс білдіріп отыр", - деп жауап берді министр.

Әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин бұдан бұрын үлкен спортқа оралатынын мәлімдеген болатын.

"Әлбетте, спортшыларымыз, оның ішінде Илья Токиода спорттық шеберліктерін танытуы үшін қолдан келгенді жасаймыз", — деп қорытты мәдениет және спорт министрі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, зілтеміршілер Майя Манеза мен Зульфия Чиншанлоның дисквалификация мерзімі биыл мамыр айында аяқталған, ал Ильиндікі – 10 маусымда.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel