RU
Головкин: Альварес менің құрметімнен айырылды
Жаңалықтар Спорт

Головкин: Альварес менің құрметімнен айырылды

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық кәсіби боксшы Геннадий Головкин мексикалық боксшы Сауль Альвареске қатысты өз ойымен бөлісті деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: xsport.ua

Фото: xsport.ua

Головкиннің ойынша, бүгінгі таңда Альварес басқа адамға айналған, ол үшін Сауль спортшы болудан қалған. Геннадий Альваресті допинг-тесттен өте алмай қалғаннан кейін сыйлаудан қалған.

Алайда, қазақстандық боксшы кез келген уақытта Альвареске қарсы рингке шығатынын мәлімдеді. Қазір Головкинді мексикалықтың адами қасиеттері емес, ең бастысы - қыркүйектегі рематч қызықтырады.

Головкин кездесудің болатынына сенім білдірді.

Еске салайық, реванш-жұдырықтасу ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel