RU
Ақышев "7-20-25" бағдарламасы қалай іске асырылатынын түсіндіріп берді
Жаңалықтар Қоғам

Ақышев "7-20-25" бағдарламасы қалай іске асырылатынын түсіндіріп берді

Рассказать Вконтакте

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев "7-20-25" тұрғын үй бағдарламасын іске асыру үшін банк пен қарыз алушы нарықтық қағидаларды сақтап, оның ішінде проблемалық қарыз бен кепіл алушы кредитордың басымдығы мәселесін ескеруі керек. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: Kursiv.kz

Фото: Kursiv.kz

"Кепіл институты толыққанды болуы керек. Ол үшін кепіл алушыға талаптарын қанағаттандыру үшін кепілге қойылған мүлікті еш кедергісіз әрі тез арада сатуға мүмкіндік берілуі қажет. Бұл түзетулерсіз "7-20-25" бағдарламасын жүзеге асыру мүмкін емес", — дейді Ақышев сенаттың жалпы отырысында.

Қазақстан парламентінің сенаты бейсенбі күні "Валюталық реттеу және валюталық бақылау" туралы заң және оған енгізілген түзетулерді қабылдады. Ақышев атап өткендей, түзетулер күшіне енген жағдайда банктер халыққа несие беруді бастайды екен.

Қазақстанда жүзеге асырылатын "7-20-25" тұрғын үй бағдарламасы бойынша әр жұмыс істеуші азамат несиеге баспана сатып ала алады. Қазақстандықтар келесі шарттармен ипотекалық қарыз алу мүмкіндігіне ие болады: несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі – жылына жеті пайздан аспайды, бастапқы жарна — 20 пайыздан аспайды, ал несиені төлеу мерзімі – 25 жылға дейін болады. Ипотекалық бағдарлама бойынша несиелер тек ұлттық валютамен беріледі екен.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel