RU
Таразда тірідей өртенген сәбиге қатысты жантүршігерлік жайттар белгілі болды
Жаңалықтар Қоғам

Таразда тірідей өртенген сәбиге қатысты жантүршігерлік жайттар белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Таразда алты жастағы бала оңбай күйіп қалған. Тірідей жанып кете жаздаған жеткіншектің анасы оның үстіне көрші үйдің балалары әдейі от қайғанын айтуда деп хабарлайды КТК арнасы.

Өртелген бала. Скриншот: КТК

Өртелген бала. Скриншот: КТК

Өртке оранған балақайды туған ағасы дер кезінде байқамағанда, бүлдіршін тірідей жанып кетуі мүмкін еді. Жанұшыра айқайлаған бауырының дауысын естіген ол дереу жетіп, жотасындағы лапылдаған өртті сөндірген.

Зардап шегушінің анасы бұл жағдайға көрші үйдің жеті жастағы екі баласы кінәлі дейді. Яғни ауылдастың егіз ұлы Максимге әдейі бензин шашып от қойды деген пікірде.

"Есін жиғаннан кейін ұлымның өзі айтты. Рома дегені Максимнің үстіне бензин шашып жіберген. Артынша Данил сіріңкені тұтатып лақтырған. Қойыңдаршы деп жалынған, бірақ олар дегендерін істеген", - дейді Максимнің анасы Вера Легостаева.

Вера Легостаеваның айтуынша, көршісі жанармай бекетінде оператор болып істейді, сол себепті балалары бензинді үйден алып шыққан. Сондай-ақ олардың бұзақылықпен көзге түсуі бірінші рет емес деп отыр.

Ал Наталья тентектері үшін ұялды ма, бет-жүзін көрсеткісі келмеді. Перзенттерін ақтап әлекке түсті. Айтуынша, Максим байқаусызда өзін өзі өртеп алған.

"Бұны қанішерлік, әдейі істеді деп айтуға келмейді. Олар ойнап жүріп, ішінде сұйықтығы бар құты тауып алған. Ішіндегісін екінші ыдысқа құйып сапырған. Осы сәтте өрт шыққан болуы мүмкін", - дейді Наталья.

Денесінің 18 пайызы күйіп қалған Максим үш күн жансақтау бөлімінде жатып, жалпы палатаға бүгін шықты. Баланың бүгінгі жағдайы тұрақты ауыр болып саналады.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
5
2
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel