RU
Тоқтар Серік: Тоқал аламын дегенде Бейбіт жылап жіберді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Тоқтар Серік: Тоқал аламын дегенде Бейбіт жылап жіберді

Рассказать Вконтакте

Еліміздегі жұлдызды жұптардың бірі Тоқтар мен Бейбіт отбасылық құпиясымен бөлісті. Тоқтар Серіков тоқал алуға ниеттенген уақытында жары Бейбіттің жылап қалған күндерін еске алды деп хабарлайды "Сенбілік таң" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Тоқтар мен Бейбіт. Фото:juldyz.kz

Тоқтар мен Бейбіт. Фото:juldyz.kz

"Екінші әйел алсам деп Бейбітке айтқан едім. Ол еңіреп жылап алды. Оның несін жасырайын. Ондай ойым жоқ негізі. Мен тіпті өзге әйелдерді де құшақтамаймын. Неге? Себебі балаларымның алдында өзімді кірлеткім келмейді. Олар таңертең мені құшақтап шығарып салады. Кешке солай күтіп алады. Мен сол аралықта балаларымның алдында өзімді ластағым келмейді.

Елестетіп көріңіздерші, мен бір қалада екі отбасыммен тұрамын. Бір отбасыммен ұйықтап жатқанда, екінші әйелімдегі балаларым ауырып қалды. Сондай қиналған шағында балапандарымның жанынан табыла алмасам, несіне әке болып жүрмін? Қандай қадір-қасиетім қалады?", - деп ағынан жарылды әнші.

Әншінің бар арманы үш ұлына лайықты әке болу екен.

"Мен әкем жайында ешқашан жаман сөз естіген емеспін. Барған жерімде мақтап отырады ол кісіні. Мен де балаларыма үлгі болғым келеді. Үш ұлым бар. Соларды ер жеткізсем, осыларды жанымда ертіп жүрсем. Менің балаларым кейін "Сенің әкең өте жақсы адам еді" деген сөзді естісе, қандай бақытты болады", - деді Тоқтар Серіков.

Ал Бейбіт Сейдуалиева өз балаларын қатал тәрбиелейтінін жасырмады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
4
1
2
59
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel