RU
Бірнеше тіл меңгерген қостанайлық полицей шетел азаматын таңғалдырды
Жаңалықтар Қоғам

Бірнеше тіл меңгерген қостанайлық полицей шетел азаматын таңғалдырды

Рассказать Вконтакте

Қостанайда ағылшын тілін жетік меңгерген полицей Сауд Арабия азаматын таңғалдырды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Полицей. Фото: ІІД бапсасөз қызметі

Полицей. Фото: ІІД бапсасөз қызметі

Сауд Арабиясынан келген қонақ қалада адасып кетіп, жергілікті тұрғындардан ағылшын тілінде көмек сұрайды. Оны түсінбеген күзет қызметкерлері полиция шақыруға мәжбүр болған.

Сол кезде қатардағы Бейбарыс Мұхамедқалиевтің ағылшын тілін білетіні пайдаға жарады. Көрсетілген мекенжайға жеткен полиция қызметкері шетелдік азаматтың қандай жайтқа тап болғанын түсініп, баратын жеріне шығарып салыпты.

Жас полицей Бейбарыс Мұхамедқалиев - Рудный өнеркәсіптік институтының түлегі, төрт тілде емін-еркін сөйлейді: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі және неміс тілі.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
1
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel