RU
Ойыннан қуылған колумбиялық футболшыны жерлестері өлтіреміз деп қорқытты
Жаңалықтар

Ойыннан қуылған колумбиялық футболшыны жерлестері өлтіреміз деп қорқытты

Рассказать Вконтакте

Колумбия құрамасының жартылай қорғаушысы Карлос Санческе ұлттық команда жанкүйерлері сес көрсетуде. Оқиға Жапониямен өткен ойыннан кейін басталған деп хабарлайды championat.com сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әлем чемпионаты. Фото: Getty Images

Әлем чемпионаты. Фото: Getty Images

Twitter желісінде жергілікті тұрғындардың бірі Санчестің суретін марқұм болған бұрынғы футболшы Андрес Эскобардың жанына қойып, "Эскобарды автогол үшін өлтірген, енді Санчесті де өлтіріп тастау керек" деген жазба қалдырған.

Еске салсақ, Санчес Жапониямен өткен ойынның үшінші минутында қолымен ойнағаны үшін қызыл карточка алған болатын.

1994 жылдың 22 маусымында Колумбия құрамасының қорғаушысы Андрес Эскобар АҚШ-пен өткен ойында өз қақпасына абайсызда гол салып жібереді. Осылайша ойын АҚШ-тың пайдасына шешіліп, 1:2 есебімен Колумбия жеңіліс табады. Спортшылар отанына оралғаннан кейін алты күн өтіп, Эскобарды атып өлтірген. Ресми мәліметтерге сәйкес, футболшыны өлтірген Колумбия құрамасының жанкүйері Умберто Муньос Кастро екен. Қылмыскер бұл әрекеті үшін еш өкінбейтінін айтып, 43 жылға бас бостандығынан айырылған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
1
0
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel