RU
Түркістан облысының орталығына төрт мың теңгелік телефон ұстайтын әкім келді
Жаңалықтар Саясат және экономика

Түркістан облысының орталығына төрт мың теңгелік телефон ұстайтын әкім келді

Рассказать Вконтакте

Бүгін Түркістан облысының орталығына облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың өкімімен шаһарға жаңа әкім келді. Лауазымды қызметке Әліпбек Шәріпбекұлы Өсербаев тағайындалды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Еске салсақ, Әліпбек Шәріпбекұлы Өсербаев төрт мың теңгелік телефон ұстайтынымен өңірде танымал болғаны бұған дейін жазылған болатын.

Облыс әкімі қала тұрғындарын Түркістан қаласының облыс орталығы болып бекітілуімен құттықтап, шаһар басшысын таныстырды.

Өңір басшысы Жансейіт Қансейітұлы осынау тарихи кезеңде Түркістан қаласының әкіміне артылатын жауапкершіліктің жүгі ауыр екенін жеткізді.

"Түркістанға "тек қазақ елінің ғана емес, бүкіл түркі жұртының зиярат жасайтын қастерлі орны" деп баға берген Елбасы оның рухани өмірінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің үлкен орны бар екенін, тарихы терең Түркістанның туризм үшін де маңыздылығы ерекше екендігін және қаланың тоғыз жолдың торабында орналасуы сыртқы және ішкі туристер мен жергілікті тұрғындар үшін қолайлы екендігін баса айтты, демек осы мүмкіндіктерді тиімді пайдалану қажет", - деді облыс әкімі.
Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Сондай-ақ, қала әкіміне Түркістан қаласының бас жоспарын тездетіп әзірлеуді, тұрғындар мен туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында қаланың инфрақұрылымын дамытуды тапсырды.

Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
9
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel