Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұтылыстан көз ашпаған Мессидің фанаттары енді оның әйеліне жалынып жүр

Опубликовано:

Аргентина құрамасының әлем чемпионатында сәтсіз ойын көрсетіп жатқаны барша футбол жанкүйерлерін алаңдатып қойды. Әсіресе, бас жұлдыз Мессидің сенімсіз ойыны жанкүйерлерді уайымға салған. Мәселені өз бетінше шешпек болған табынушылар футболшының әйеліне өз өтініштерін айтты деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: eurosport.ru
Фото: eurosport.ru: UGC

Лионель Мессидің ең белсенді табынушысы оның суреттерін қарап жатып, қызықты жайтты аңғарған. Футболшының әрбір жеңісіне оның сүйіктісі үнемі бір аяқ киіммен келетін болып шықты.

Оған жанкүйердің іздеп тапқан суреттері дәлел болмақ. Осы орайда табынушы өзінің әлеуметтік желісіне барша аргентиналықарды Антонелла Рокуццоға жеңіс әкелетін аяқ киімін киіп келуді өтінуге шақырған.

Бұл үндеуге қосылған мыңдаған жанкүйерлер Мессидің әйелінің парақшасына өз өтініштерін жаудыруда.

Айта кетейік, күні кеше Аргентина құрамасы Хорватиядан 0:3 есебімен ойсырата жеңіліп қалды. Енді әлем чемпионатындағы Месси құрамасының келесі кезеңге өтуі күмән тудырады.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1738556-tylystan-kz-aspagan-messidi-fanattary-endi-ony-jeline-zalynyp-zr/

pixel