RU
Риддердегі жол апаты: Марқұмның әкесі әкімнің орынбасарына кешірім берді
Жаңалықтар Қоғам

Риддердегі жол апаты: Марқұмның әкесі әкімнің орынбасарына кешірім берді

Рассказать Вконтакте

Көлікке мас күйінде отырып, 19 жастағы бозбаланың өмірін қиған Риддер әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаевқа қатысты алғашқы сот отырысы өтті деп хабарлайды КТК арнасы.

Бауыржан Құрманбаев пен Евгений Смольников. Фото: ridder.gov.kz/31.kz

Бауыржан Құрманбаев пен Евгений Смольников. Фото: ridder.gov.kz/31.kz

Шенеуніктің қымбат көлігінің астына түсіп өлген Евгений Смольниковтың әкесі Құрманбаевпен келсімге келетіндігін айтуда.

Өткен жылдың 15-ші сәуірінде адам қағып, елді шулатқан шенеунік өз кінәсін бірден мойындаған. Ал оқиғаның басты куәгері болған Өскемен әкімі Қуат Тұмабаев осы оқиғадан кейін ақысыз еңбек демалысына жіберілсе де, бүгін сотқа келмеді.

Қала басшысы, тіпті өзін ақылға шақырмақ болған тәртіптік кеңесте де бой көрсеткен жоқ. Алайда кеңес мүшелері Тумабаевты қызметіне мүлдем сәйкес келмейді деп сырттай шешім шығарып қойыпты.

Енді жәбірленуші тарап баласын басып өлтірген күдікті Бауыржан Құрманбаевқа бірден кешірім бергенмен, басты куәгерге қатысты қылмыстық іс қозғатамыз деп отыр.

"Мен оның ата-анасын, әйелін қатты аяп кеттім. Әкесі қатерлі дертке шалдыққан. Ең болмағанда, соның жағдайын жасасын дедім. Түрмеде отырса, отбасына қалай көңіл бөлмек?!", - дейді марқұмның әкесі Виктор Смольников.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
2
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel