RU
72 жастағы бизнесменнің әйелі оның өз еркімен үйленгенін сотта дәлелдеп берді
Жаңалықтар Қоғам

72 жастағы бизнесменнің әйелі оның өз еркімен үйленгенін сотта дәлелдеп берді

Рассказать Вконтакте

Сот алматылық бизнесменнің "неке куәлігіндегі қолтаңба менікі емес" деген арызына қарамастан, ол әйеліне өз еркімен үйленді деп шешім шығарды. Бұл туралы жоғары соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Юлия Есенбаева. Фото: Instagram

Юлия Есенбаева. Фото: Instagram

20 маусым күні Жоғары сот Юлия Есенбаеваның Алматы қаласы Әуезов ауданы сотының шешімін қайта қарастыру туралы өтінішін қанағаттандыру туралы үкім шығарды. Сондай-ақ, Жоғары сот Малик Есенбаевтың "неке менің рұқсатымсыз болды және қолтаңба менікі емес" деген арызы бойынша Алматы қалалық сотының бекіткен үкімін қанағаттандырмады.

Юлия Есенбаева мен оның қорғаушысы Нұржан Тәңірберген. Фото: Instagram

Юлия Есенбаева мен оның қорғаушысы Нұржан Тәңірберген. Фото: Instagram

72 жастағы бизнесменнің әйелі 19 жастағы тоқалдың пайда болғанына көнбей, ажырасуға өтініш берген. Алайда, ер адам неке куәлігіндегі қолтаңбаның жалғандығын мойындату мен осы уақытқа дейін жинақталған мүлік үлесіне қатыспайтындығы туралы арыз берді.

Олар бірігіп Дубайдан пәтер, Испаниядан вилла сатып алып, Алматыда саяжай салған.

"Мемлекеттік қызметте жүрген барлық адал әрі шыншыл қызметкерлер мен мені әлеуметтік желіде қолдағандарға әділдіктің орнағанына алғыс айтқым келеді. Жарты жылға созылған сот істері артта қалды. Шын айтсам, бірінші және екінші инстанциядағы сот шешімдері дұрыс болмады, бірақ адамдардың қолдауы мен әділдіктің орнайтындығы маған одан әрі күш берді", - деді Юлия Есенбаева.

Келіншек сотты баспасөз бен әлеуметтік желілердегі жазбалары арқылы жеңгенін айтты. Ол Талдықорған қалалық сотының төрағасы қызметінен адвокатураға жаңадан келген кәсіби адвокаттың көмегінің арқасында жеңіске жеткенін айтып өтті.

Төменгі екі сот инстанцияларының әділетсіз шешімінен кейін баспасөзге жүгініп, әлеуметтік желілерде сот процесстері жайлы жазған.

Еске салсақ, 72 жастағы бизнесменнің әйелі 19 жастағы тоқалдың кесірінен ажырасуға бел буған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
4
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel