RU
Санчес: Головкинді ақша қызықтырмайды
Жаңалықтар Спорт

Санчес: Головкинді ақша қызықтырмайды

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес Сауль Альвареспен келіссөздер барысында GGG не үшін талаптарынан бас тартқысы келмегенін айтты деп хабарлайды Sports.kz сайтына сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Головкин. © AP Photo / Damian Dovarganes

Головкин. © AP Photo / Damian Dovarganes

Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес Сауль Альвареспен арадағы келіссөздер туралы айтты

"Головкин 45%-дан кем үлеске бола жұдырықтаспаймын деді. Дедлайн туралы білгенде, 25 тамызда Forum-да өтетін Билли Джо Сондерске қарсы жекпе-жекке дайындықты бастап кеткен болатын әрі Ресейдегі әлем чемпионатында жүр еді.

Геннадийдің ұстанымы берік, мінезді жігіт екеніне разымын, ол дегеніне жетті. Оны ақша қызықтырмайды. Иә, ең қомақты сыйақы алады, бірақ "Канело" да құр алақан қалмас. Екеуіміз үшін де ірі жекпе-жек болғалы тұр.

Геннадий үшін миллиондаған қаржыдан айырылса да бәрібір болатын: Сондерс те, демеушілер де жекпе-жекке келісім берді. Оған бар керегі — құрмет: сонша айыптаулардан кейін, комиссия мен кленбутеролдан кейін, спортқа және өзіне көрсеткен қылықтарынан кейін құрметті талап етті", — деді Санчес ESPN арнасына берген сұхбатында.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel