Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Анджелина Джоли Қазақстанға келу үшін миллион доллар сұрады

Опубликовано:

"Еуразия" халықаралық кинофестивалінің президенті Айман Мусахаджаева бір миллион доллар төлеген жағдайда голливуд жұлдызы Анджелина Джолидің Қазақстанға келуге әзір екенін мәлімдеді. Ол әлем жұдыздарының арасында қызыл кілеммен кімдер жүріп өтетінін айтып берді. Бұл туралы NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.

Анджелина Джоли. Фото: nbcnewyork.com
Анджелина Джоли. Фото: nbcnewyork.com: UGC

Ұйымдастырушының айтуынша, XIV Халықаралық кинофестивальде қазақстандық жұлдыздардан бөлек, сербиялық режиссер әрі әнші Эмир Кустурица, француз актері Венсан Кассель және Бондтың сүйіктісін сомдаған Леа Сейду болады деп күтілуде.

Айман әзірге олардың бұл үшін қанша алатынын айтпады. Алайда Анджелина Джолидің фестивальге келуі үшін қанша сұратқаны белгілі болды.

"Мәселен, Анджелина Джоли бізге келу үшін бір миллион доллар сұрады. Әрине біз оны шақырғымыз келеді, алайда ондай қаражат бізде жоқ. Одан да көп сұрап отырған әртістер бар", - дейді ол.

Кинофестиваль Астанада 1 - 7 шілдеде өтеді.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1738599-andzelina-dzoli-kazakstanga-kelu-sin-million-dollar-srady/

pixel