RU
Демалыс күндері еліміздің кей өңірлерінде 43°С ыстық болады
Жаңалықтар Қоғам

Демалыс күндері еліміздің кей өңірлерінде 43°С ыстық болады

Рассказать Вконтакте

Синоптиктер 23-25 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы "Қазгидрометке" сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Ыстық ауа райы. Көрнекі фото: w-dog.ru

Ыстық ауа райы. Көрнекі фото: w-dog.ru

Алдағы тәуліктерде республиканың оңтүстік және орталық облыстарына Ираннан өте жылы ауа еседі, бұл Қазақстан арқылы жылжыйтын атмосфералық фронттардың шиеленісуіне алып келеді.

Сол себепті демалыс күндері еліміздің басым облыстарында найзағайлы жаңбыр, күшті екпінді жел, кей жерлерде бұршақ және ауа температурасының төмендеуі болжанады.

Тек батыс аумақтарда өзгеше болады. Мұнда антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ыстық ауа райы күтіледі. Максималды температура плюс 32-37°С, кей жерлерде 40…43°С жоғарылайды.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel