RU
Ұлы дала комедиясы: Төреғали Төреәлі өзі жайлы фильмнің түсірілімін бастап кетті
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ұлы дала комедиясы: Төреғали Төреәлі өзі жайлы фильмнің түсірілімін бастап кетті

Рассказать Вконтакте

Соңғы уақытта елдің сынынан көз ашпаған Төреғали Төреәлі өзінің өмірі жайлы фильмнің түсірілімін бастап кетті. Әнші туындысын "Ұлы дала комедиясы" деп атауды жөн көрген деп хабарлайды NUR.KZ.

Төреғали Төреәлі. Фото: www.instagram.com/toregalitoreali

Төреғали Төреәлі. Фото: www.instagram.com/toregalitoreali

Өзін Қайрат Нұртаспен салыстырса, ұялып кететінін мәлімдеген әнші қуанышты жаңалығын Instagram желісі арқылы бөлісті.

"Ассалаумағалейкум, ардақты ағайын. "Бисмилләh" деп түсірілімді бастадық. Сәттілік тілеп қойыңыздар", - деп жазды Төреғали.

Айта кетейік, желі қолданушылары ер жігіттің басына сан түрлі сынақ кездесетінін айтып, әншінің жұмысының жемісті болуын тіледі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
2
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel