RU
Шенеунік те адам: Ел билігіндегі атқамінерлер жұмыстан тыс уақытта қалай киінеді?
Жаңалықтар Қоғам

Шенеунік те адам: Ел билігіндегі атқамінерлер жұмыстан тыс уақытта қалай киінеді?

Рассказать Вконтакте

Ел билігінде жүрген шенді-шекпенділер халық алдында әдетте көк-қара костюм-шалбар мен галстук тағып жүретіні баршаға аян. Десе де олардың да қарапайым "ет пен сүйектен" жаралған адам екенін ескерсек, жұмыстан тыс уақытта көпшілікке олардың қалай киінетінін білгісі келетіні де белгілі. NUR.KZ назарларыңызға ел билігіндегі атқамінерлердің "галстуксіз, қарапайым киіммен" жүрген суреттер топтамасын ұсынады.

Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ

Астанадағы марафондардан қалмай, үнемі көпшіліктің ортасынын табылатын атқамінерлердің бірі, президент әкімшілігінің жетекшісі - Әділбек Жақсыбеков. Алпыстан асқан шенді жұмыстан тыс уақытта спорттық киім үлгісімен жүретінін байқадық. Шенді тіпті ашық түсті жейдемен де талай рет сұхбат берген екен.

Фото: kazday.kz

Фото: kazday.kz

Сонымен бірге салауатты өмір салтын ұстанатын келесі бір тұлға – Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов. Ел премьері тұтқасын бірнеше жыл қатарынан ұстаған шенді көбіне-көп тұрғындар арасында өтетін спорттық жарыстарға қатысып, спорттық киім үлгісімен көзге түскен.

Фото: abctv.kz

Фото: abctv.kz

Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың да спорттық киіммен жүгіріп, қаладағы марафондарға қатысатынының куәсі болдық. Бір қызығы, шенеунік жүгірген сәтте де көзілдірігін шешпеуді жөн санайды екен.

Фото: kazpravda.kz

Фото: kazpravda.kz

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы да спорттық үлгідегі киіммен жиі көзге түседі. Айта кетерлігі, шенеунік те өзінің әріптестері сынды спорттық жарыстарға көп қатысатын болып шықты.

Фото: sport.gov.kz

Фото: sport.gov.kz

Халық арасына жиі шығып, елмен етене араласатын атқамінерлердің бірі қазіргі Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев екен. Әсіресе білікті басшының Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарын су басқан сәтте, қарапайым күртеше мен аяғына етік киіп шыққан суреттері көп болып шықты. Сапарбаевты да өзгелерден ерекшелеп тұратыны да сол – қарапайым киінеді, қымбат сырт киімдерден өзін аулақ ұстайды. Сондай-ақ Бердібек Мәшбекұлы көбінесе бейресми кездесулерге галстуксіз, қарапайым жейдемен келетінін байқадық.

Фото: Times.kz

Фото: Times.kz

Фото: Arnapress.kz

Фото: Arnapress.kz

Фото: altaynews.kz

Фото: altaynews.kz

Әкімдердің ішінде галстуксіз әрі барынша қарапайым киінуге тырысатын басшылардың бірі – Әсет Өрентайұлы Исекешев болып шықты. Шенеунік тіпті кейде футбол алаңдарына да бас сұғып, доп теуіп тұратынын аңғардық.

Фото: kazpravda.kz

Фото: kazpravda.kz

Фото: vesti.kz

Фото: vesti.kz

Сол сияқты Алматы әкімі Бауыржан Байбектің де бейресми кездесулердің кейбіріне галтсуксіз, қоңырқай түсті костюммен келетінін көрдік.

Фото: Kapital.kz

Фото: Kapital.kz

Әкімдердің ішінде биылғы наурыз мерекесіне ұлттық киім киіп келген Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың қазақ азаматына тән сымбатын көрген көпшілік, оны "ел басқаруға әбден лайық жан" деп әбден мақтап тастаған еді. Расымен де аймақ басшыларының ішінде Болат Жұмабекұлы алғашқылардың бірі болып ұлттық киім үлгісін көпшілік алдына киіп шыққан еді.

Фото: pavon.kz

Фото: pavon.kz

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
2
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel