Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұйықтап жатқан ер адам жарылып кеткен телефон кесірінен тіл тартпай кетті

Опубликовано:

Малайзияның Назрин Хасан есімді танымал кәсіпкері ұйықтап жатқан кезінде өрт салдарынан қаза тапты. Тергеу анықтағандай, жалын жатын бөлмесінде жатқан жарылып кеткен телефон салдарынан тұтанған. Бұл туралы life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Times.kz
Фото: Times.kz: UGC

Полицейлер хабарлағандай, смартфонның жарылып кету кесірінен Хасанның бөлмесінде жиһаз бен киімдер жана бастаған. Ер адам түтіннің иісінен уланып, ұйқытап жатқан бетінде о дүниеге аттанып кетті.

Ол тіл тартпай кеткеннен кейін төсек матрасы жанған. Нәтижесінде оның денесін күйік шалды. Туыстары Хасанның Blackberry мен Huawei маркалы екі смартфон ұстағанын айып отыр. Бірақ олар екі қалтафонның қайсысының жанғанын білмей дал.

Айта кетейік, Назрин Хасан отанында өте танымал адам болған. Cradle Fund қорының директоры қызметін атқарды. Анықталғандай, жанып кеткен екі телефон да Хасанның жанында жатқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1738621-jyktap-zatkan-er-adam-zarylyp-ketken-telefon-kesirinen-til-tartpaj-ketti/

pixel