RU
Екі жасынан жетім қалған егіз ұлдар Сапарбаевтың өздеріне жасаған жақсылығын айтты
Жаңалықтар Қоғам

Екі жасынан жетім қалған егіз ұлдар Сапарбаевтың өздеріне жасаған жақсылығын айтты

Рассказать Вконтакте

Ақтөбедегі "Мейірім" әлеуметтік жастар орталығында тұрып жатқан Аман және Есен есімді егіз балаларды көпшілік "әкімнің балалары" деп атап кеткен. Себебі екі жасынан "Алға" балалар үйінде тәрбиеленген егіздерді Бердібек Сапарбаев өз қамқорлығына алған деп хабарлайды aktobenews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бердібек Сапарбаев. Фото: Forbes.kz

Бердібек Сапарбаев. Фото: Forbes.kz

Егіз балалардың 1998 жылы ата-анасы қайтыс болып, 5 ағайынды бала жетім қалған.

"Бес ағайындымыз. Төрт ұл, бір қызбыз. Кішкентай кезімізден балалар үйінде тәрбиелендік. 1998 жылы ата-анамыз қайтыс болған. 1999 жылдың қыркүйегінен бастап, бесеумізді де балалар үйіне орналастырады. Ол кезде ең кішкентайы біз екі жаста болғанбыз. Ештеңе есімде жоқ. Тек құжаттарды қарап, ата-анамыз туралы білдік. Ол кезде ең үлкен ағам 7 жаста екен. Қазір апам да, ағам да қалада жұмыс жасап жатыр.

Бізді "әкімнің балалары" деп айтады. Әкіммен кішкене ғана сөйлестік. Уақыты болған кезде шақыратынын айтты. Ол кісі қамқорлығына алған кезде біз 11 сыныпта оқып жүрдік. Ол кісі "Сабақтарыңды оқыңдар, барынша көмектесемін" деді", — дейді Аман Мусуралиев."

Айта кетейік, Бердібек Сапарбаев екі жыл бұрын ақтөбелік шенеуніктерді жетім балаларға қамқорлық көрсетуге шақырған болатын. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған жасөспірімдердің банктегі есепшотына ақша аударып, баспана алуына қолдау көрсетуді тапсырды. Әкімнің өзі де егіз балаларды қамқорлығына алған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
13
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel