RU
БАҚ: Қазақ-қырғыз шекарасында сарбаз өлім аузынан қалды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

БАҚ: Қазақ-қырғыз шекарасында сарбаз өлім аузынан қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

Қырғызстанның әлеуметтік желілерінде шекарадағы өткізу бекетінің қақпасына қатты жылдамдықпен соғылған көліктің видоесы пайда болды деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Видеоның астындағы жазбада оқиғаның қазақ-қырғыз шекарасында Қазақстанның Қордай ауылы маңында болғаны айтылыпты.

Кадрларға қарағанда, шекарашы қара көлікті тексеріп жатады, сол кезде қатты жылдамдықпен келген ақ кроссовер қақпаға соғылған. Соққы салдарынан қара көлік алға сәл жылжып кетті. Абырой болғанда, шекарашы да шетке ығысып үлгеріпті.

Sputnik Қырғызстан хабарлағандай, Мемлекеттік шекара қызметінің мәліметі бойынша оқиға Қырғызстан территориясында болмаған. Дегенмен анық-қанығы тексеріліп жатыр.

Бастапқы деректер бойынша, бұл жайт Қазақстан аумағында болыпты. Sputnik Қазақстан еліміздің Шекара қызметінен әлі жауап ала алған жоқ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel