RU
Футбол жанкүйерлеріне шүйліккен танымал уағызшы желіде қызу талқыға түсті (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Футбол жанкүйерлеріне шүйліккен танымал уағызшы желіде қызу талқыға түсті (видео)

Рассказать Вконтакте

Интернетте тарап кеткен имамның видеосы желі қолданушылар тарапынан қызу талқыға түсті. Дін қызметшісі өз видеосында футбол үшін жанын берерлік жанкүйерлерді сынап тастаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: abai.kz

Фото: abai.kz

Имамның айтуынша, кез келген мұсылман футболды қалай сүйсе, исламды да солай жақсы көруі тиіс. V_shymkente Instagram парақшасына жүктелген видеода діндар танымал ойынды көрушілерді қатты сынап тастады.

"Қазір қайда бармасаңда футбол көріп отырады. Ертең сол уақыты үшін жауап бересің. Футбол көріп, өліп кетсеңші! Одан өз жеті атасын сұрасаң білмейді. Ал ана футбол командасындағылардың атын, затын біледі.", – деді Әбдіғаппар Сманов.

Жанкүйерлерге шүйліккен имам футбол сүйер қауымның ашуына тиді. Желі қолданушылары бәрін қойып, енді футболды күнә дейтін діндарға өз наразылығын білдіріп жатыр.

Айта кетейік, Әбдіғапар Сманов өзінің уағыздарымен ел арасында біраз шу тудырған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
13
0
1
1
0
22
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel